Карантинде Алматы облысы Кеген ауданы емханасының қызметкерлері науқаспен емес, жертөлеге жиналған көлшікпен алысып әлек. Олардың айтуынша мемлекет салып берген төртқабатты емхананың жертөлесін су алып, құрбақа мекендейтін көлшікке айналған. Ең сорақысы бұл емханада қазір ковидпен ауырғандар емделіп, вирусқа қарсы екпе алатындар көптеп келеді екен. Бірақ емхана қабырғасы көгеріп, құлауға жақын қалған дейді тұрғындар.
Кегендегі көлшікке айналған емханада құрбақа жүр деп желіге тараған ақпар жұрттың жағасын ұстатып еді жуырда. Бірақ бұл сумен мұндағылар алысқалы жылдар болыпты. 2015 жылы қолданысқа берілген емхана сол кезде-ақ сыр беріп, жертөлесі дымқылданып кеткен екен. Алайда ақжағалылар оны жасырып келгенімен, оның зардабын тартқан ақ халаттылар бұл мекеме қай күні құлайды деп қорқынышпен отырғандарын айтты.
ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші:
– Мұндағы санитар мандардың айтуы бойынша, күніне осындай жүз шелекті сыртқа апарып төгеміз деп отыр. Айтуларынша бұл олардың қызметіне кірмейді. Десе де басшылық оларды мәжбүрлейді екен. Ал дәл осы мәселенің шешілмей келе жатқанына бес жылдай болыпты.
НАЗГҮЛ ТҰМАРХАНҚЫЗЫ, Бас есепші маман:
– 2015-тен бастап аз-аздан су басталды. Уже қазір су көп. Барлық жерде.
Басшылық базынамызды тыңдамағасын сол су басқан жертөлеге сорғыш қойып, жылдар бойы дәрігер санитармен қоса суды шелекпен тасып құрғатамыз дейді мұндағылар. Алайда қабырғасы көгеріп, едені езілуге айналған емхана әлі күнге дейін жабылып қалмай жұмыс істеп келе жатқанына жұрттың да таңы бар.
ЖАНАТ БАЙБЕКОВ, Кеген ауданы тұрғыны:
– Құлап кетсе қаншама халық қырылады. Оны өздеріңіз де біліп тұрсыздар ғой, жоғарғы жақтағы кісілер ше!?
Жертөлесі жарылып, өздері айтпақшы жоғарғы жақтан жағымды жаңалық күтіп отырған емханада қазір вирус жұқтырғандар емделіп, талай жұрт вирусқа қарсы екпе алып жатыр екен.
АЛМАС БЕКЕНҰЛЫ, Кеген ауданы ауруханасының директоры:
– Георграфиялық ерекшелігін алғанда жерасты су өте жақын аймақта орналасқан бұл емхана. Жобалық сметалық құжаттарын көтеру барысында бұ жерде 2 метр 40 сантиметрден жер асты су шығады деп көрсетілген. Ал енді бұ жерде бізде жертөле қабаты яғни цокольный этаж кемінде 3 жарым, 4 метр қазылып солай орналастырылған.
Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қазір жауап беруге дайын емес екен. Айтуларынша, алдымен Төтенше жағдайлар департаменті келіп тексеріс жүргізу керек. Екіншіден Кегенде су басқан жалғыз емхана емес, басқа да тұрғын үйдің жертөлесін су алыпты дейді. Сондықтан бұл істі жергілікті әкімдік жөндеп қарағаны дұрыс деп отыр.
КЕҢЕС КӨНЕСБАЙҰЛЫ, Кеген аудан әкімінің орынбасары:
– Емхана біріншіден аудан әкімінің балансында емес. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын дүние. Қазір ешқандай суармалы су жоқ. Егер болып жатса оны екінің бірі құдық қазып алып, жаңағы огородын, бау-бақшасын суаратын еді.
ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші:
– Кегендіктерге келеңсіздік келтірген емханадағы көлшік мәселесі күні ертең шешілмесі анық дейді тұрғындар. Өйткені судың қайдан шыққаны жайлы нақты зерттеуді ешкім әлі жүргізбепті. Тек түрлі болжаммен тоқтапты. Ал Кеген ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы су басқан емханаға бас сұқпады, тек көмекшілері келіп облысқа хат жолдадықпен шектелді. Сөздерінше бұл мәселені облыс біліп отыр. Енді екі-үш айда реттейміз деп уәде етіп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#су_басқан_емхана #Кеген #Қазақстан2030

Комментарии выключены